Посол Казахстана в Турции встретился с турецкой группой Парламентской Ассамблеи Организации по безопасности и сотрудничеству в Европе (ПА ОБСЕ).

Посол Казахстана в Турции встретился с турецкой группой Парламентской Ассамблеи Организации по безопасности и сотрудничеству в Европе (ПА ОБСЕ).
Ү.ж. 18 мамырда Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясы (ЕҚЫҰ ПА) түрік тобының депутаттарымен кездесті.
Кездесу барысында ЕҚЫҰ ПА шеңберіндегі ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективалары талқыланды. Елші Абзал Сапарбекұлы ЕҚЫҰ ПА түрік тобының Қазақстанмен арадағы ынтымақтастығының алдағы уақытта да жемісті бола беретініне сенім білдірді.
Өз кезегінде, ЕҚЫҰ ПА түрік тобының төрағасы Селами Алтынок бауырлас Түркия мен Қазақстан арасындағы парламентаралық қатынастарға жоғары баға беріп, Қазақстанның халықаралық бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді.
Сонымен қатар, тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екендіктерін жеткізді.
Кездесуге Елші Абзал Сапарбекұлы мен ТҰҰМ-нің ЕҚЫҰ ПА тобының төрағасы Селами Алтынок, ЕҚЫҰ ПА түрік тобының депутаттары Мехмет Саит Киразоглу, Ахмет Арслан, Юсуф Башер және Камил Айдын қатысты.