Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы және Түркі Кеңесі Бас хатшысы Бағдат Әміреев Түркия Республикасының Вице-Президенті Фуат Октаймен кездесті.

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы және Түркі Кеңесі Бас хатшысы Бағдат Әміреев Түркия Республикасының Вице-Президенті Фуат Октаймен кездесті.

Кездесуде түркі тілдес мемлекеттерінің ынтымақтастығы жан жақты талқыланды. Атап айтқанда Түркі Кеңесінің түркі тілдес елдерінің интеграциясындағы айрықша рөліне тоқталды.

Сондай-ақ, алдымыздағы уақытта түбі бір түркі жұртының рухани бесігі - Түркістанда өткізілуі жоспарланған Түркі Кеңесінің бейресми саммиті егжей-тегжейлі талқыға салынды.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығы аталып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды. Әсіресе, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және тағы басқа салалар жөнінде өзара тиімді тетіктер талқыланып, осы бағыттағы жұмыстарды бауырлас халықтардың игілігі үшін бұдан әрі жалғастыруға келісілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Басшысы Асқар Мамин мен Түркия Республикасының Вице-Президенті Фуат Октайдың тең төрағалығындағы Үкіметаралық экономикалық комиссияның іс-шаралары жоспарының орындалу барысы және алдағы уақытта онлайн форматта өтетін басқосудың күн тәртібі тілге тиек болды.