1150 жылдық мейрейтойында адамзаттың екінші ұстазы Әл-Фараби

1150 жылдық мейрейтойында адамзаттың екінші ұстазы Әл-Фараби
А.ж. 11 қарашасында ТҮРКСОЙ, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі және Анкара университетінің Тіл, тарих және география факультетінің ұйымдастыруымен Анкара Университетінің Фараби залында «1150 жылдық мейрейтойында адамзаттың екінші ұстазы әл-Фараби» атты конференция өтті.
Конференцяның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Анкара университетінің тіл, тарих және география факультетінің деканы Профессор Левент Каяпынар Аббасидтік Ислам мемлекетінің Бейтул хикмет сарайында ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатқан кезде, Еуропалық христиан әлемі орта ғасырлардың қараңғылығында болғанын атап өтті. Каяпынар Фарабидің христиандар пұтқа табынушы ретінде көрген Аристотельдің логикасы және Платонның мемлекет түсінігін ислам дінінің қағидалары аясында түсіндіргенін айтты. Селжұқтардан бастап түрік мемлекеттерінің Фарабидің мемлекеттік философиясын қолданғанына назар аудара отырып, Каяпынар Фараби Түркі және Ислам әлемін біріктіруші тұлға ретінде өмір сүре беретіндігін айтты.
Осы іс-шараны ұйымдастыру пікірін ұсынғаны үшін ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлына алғысын білдірген Анкара университетінің ректоры Профессор Недждет Үнүвар Фарабидің түрік мәдени кодтарының маңызды тармақтарының бірі екенін мәлімдеді. Фарабидің «Абзал қала (Мәдинәтүл Фазыла)» еңбегінің маңыздылығына назар аударған Үнүвар оның қала тұжырымдамасына өркениет өлшемін қосып, оны «Мәдина» деп атағанының өзекті екенін айтты.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы проф. Дүйсен Қасейінов Қазақстанда Фарабидің 1150 жылдық мейрейторының тойлануының Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 26 тамыздағы жарлығымен басталғанын жеткізді. Қасейінов атап өткендей, бойынша Қазақстан мен Түркияның ЮНЕСКО ұлттық комиссияларының бастасамымен Фарабидің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде де аталып өтілуде. Бас хатшы Фарабидің маңызды еңбектерінің бірі «Музыка Кітабының» түрік тіліне аударылғанын айта келе кітаптың жақын арада жарық көретіні туралы сүйінші хабарды бөлісті.
Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Фарабидің бізге қалдырған мұрасын түсіндіру және түсіну қажеттілігіне назар аударды. Фарабидің ғылымның шыңы екенін айтқан Сапарбекұлы оның әлемдік өркениетке маңызды үлес қосқанын атап өтті. Фарабидің тегінің түрік екенін қазақстандық ғалымның дәлелдегенін еске сала отырып, Елші А.Сапарбекұлы ұлы ойшылдың мұрасын тек Қазақстан ғана емес, бүкіл Түркі және Ислам әлемі қорғауы керек деп мәлімдеді. А.Сапарбекұлы «Бізге брендтерді басқа жерден іздеудің қажеті жоқ. Біздің өз құндылықтарымыз, жұлдыздарымыз бар. Фараби - солардың бірі », - деді. Сөзінің соңында Қазақстан Елшісі Түркі әлемі мәдениетінің шаңырағы - ТҮРКСОЙ-дың Фараби туралы қызметін жоғары бағалайтынын жеткізіп, Бас хатшы Д.Қасейіновке және оның ұжымына алғысын білдірді.
Іс-шараның бірінші бөлімінің соңында жиынға қатысушылар Анкара университетінің жаңартылған Фараби залының ашылу салтанатын өткізді. Бұдан кейін іс-шара белгілі ғалымдар қатысқан Фараби туралы ғылыми-танымдық сессиясымен жалғасты.
Профессор Ремзи Демирдің төрағалығымен өткен сессияда Профессор Гурбуз Дениз, Профессор Шамиль Өжал, Профессор Ибрахим Мараш, Профессор Муфит Селим Сарухан және Профессор Өмер Бозқұрт Фараби және оның еңбектері туралы ғылыми зерттеулерін көпшілікпен бөлісті.