Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркия жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Мухаррем Аккаямен кездесті.

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркия жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Мухаррем Аккаямен кездесті.
Кездесуде екі ел сайлау жүйелері және сайлау механизмін жетілдіру бойынша ынтымақтастық мәселелері тілге тиек болды.
Жүздесу барысында Елші А.Сапарбекұлы М.Аккаяға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашевтың 10 қаңтарда елімізде өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауына шақыру хатын табыстады.