Түркі кеңесі Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездескен Елші А.Сапарбекұлы өз құттықтауында ортақ ұйымымыз Түркі кеңесі өзінің маңызына сай лайықты ғимаратқа орналасуын жоғары бағлайтынын жеткізді. Сондай-ақ, Елші А.Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған Түркі кеңесінің халықаралық салмағы мен беделінің жылдан жылға артып келе жатқаны – Қазақ елінің де қуанышы мен мақтанышы екенін атап өтті.
Өз кезегінде, Түркі Кеңесі Бас хатшысы Бағдат Әміреев халықаралық ұйымның жұмыстары мен жоспарлары жөнінде әңгіме өрбітті.
Кездесуде Түркі әлемінің бүгіні мен келешегіне қатысты өзекті мәселелер талқыланып, бауырлас халықтар болашағының жарқындығына сенім білдірілді.