Түркия Президенті Р.Т.Ердоған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Түркия Президенті Р.Т.Ердоған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау хатын жолдады.
Тәуелсіздік күніне орай Елбасын және барша Қазақстан халқын Түркия мен жеке өз атынан құттықтаған Р.Т.Ердоған дос әрі бауырлас Қазақстан халқына амандық пен өркендеу тіледі.
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап Елбасының қажырлы күш-жігерінің арқасында, екі ел арасында стратегиялық серіктестік деңгейіне дейін өскен қарым-қатынастар жыл өткен сайын одан әрі нығайып, жаңа ынтымақтастық салаларымен толығып жатқанына қуанышпен куә болып отырғанын жеткізген Түркия Президенті «Бүгінде екі ел арасындағы қатынастардың жеткен дәрежесі тек екіжақты деңгейде ғана емес, сондай-ақ аймақтық және халықаралық платформалардағы ынтымақтастық пен өзара қолдау ретінде көрініс табуда.» деген пікірлерімен бөліскен.