Түркия Президенті Р.Т.Ердоған Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Түркия Президенті Р.Т.Ердоған Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Тәуелсіздік күніне орай Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау хат жолдады.
Түркия Президенті Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевты және барша Қазақстан халқын түрік елі мен жеке өз атынан мерекемен құттықтай отырып, Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің келесі отырысына төрағалық ету мақсатында ыңғайлы бір уақытта Қазақстаға сапармен баруды жоспарлап отырғанын жеткізді.
«Ортақ тарихи, мәдени және бауырластық байланыстарға ие Қазақстанмен арамыздағы стратегиялық серіктестіктің деңгейіндегі қарым-қатынастарымыздың жаңа салаларда да түрленіп, байи түскенін көріп қуанышқа кенелудеміз.», - деген ойларымен бөліскен Түркия Президенті дос әрі бауырлас Қазақстан халқына амандық пен өркендеу тіледі.