Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
✅Түркияда демалыс күндерінде орын алған шектеулерге байланысты, 2021 жылы 10 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) өтетін ҚР Парламент Мәжілісі депуттарын сайлауға өз таңдауын жасауға ниетті 18 жасқа толған ҚР азаматтары, Түркия аумағында белгіленген 3 сайлау участкелеріне (Анкара, Ыстанбұл, Анталия) еш кедергісіз барып дауыстарыңызды беруге және үйлеріңізге кері қайтуға, түрік тарапының құзырлы мекемелерінен тиісті рұқсаттар алынғанын хабарлаймыз.
☎️Түркияда аталған мерзімдегі сайлауға кедергісіз жүріп тұруға байланысты рұқсат қағазды алу үшін, төмендегі байланыстар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
1️⃣Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі жанындағы №286 сайлау учаскесінде (Анкара): Тел: +90 312 491 9100 (ұялы: +90 553 850 70 86)
2️⃣Қазақстанның Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығы жанындағы №255 сайлау учаскесінде (Ыстанбұл): Тел: +90 212 662 5347 (ұялы: +90 538 440 9677
3️⃣Қазақстанның Анталия қаласындағы консулдығы жанындағы №296 сайлау учаскесінде (Анталия): Тел: +90 242 324 2611 (ұялы: +90 543 508 0084)
🔸Сайлау учаскесіне барғанда сізде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы керек.
😷Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сізден маска режимін сақтап, барынша әлеуметтік арақашықтықты сақтауды сұраймыз.