Қазақстан мен Түркия арасындағы парламентаралық ынтымақтастық арта бермек

Қазақстан мен Түркия арасындағы парламентаралық ынтымақтастық арта бермек

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасы проф. Мұстафа Шентоппен кездесті.

М.Шентопты ТҰҰМ төрағасы болып қайта сайлануына орай құттықтауын жеткізген А.Сапарбекұлы шынайы тілектерін білдірді.

Екі бауырлас әрі стратегиялық серіктес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық талқыланған жүздесуде Елші А.Сапарбекұлы, ТҰҰМ төрағасына ТүрікПА және басқа да халықаралық ұйымдар аясында Түркияның Қазақстанға көрсеткен қолдауы үшін алғысын жеткізді.