Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және тіркеу ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының шетелдік өкілдіктерінде азаматтардан Қазақстан Республикасының жаңа төлқұжатын (паспортын) әзірлеу/беру үшін, келесі тұлғалардан құжаттар қабылданады:
- Түркия аумағында орналасқан жоғарғы оқу орындарында (күндізгі оқыту нысаны бойынша) білім алатын, қабылдаушы елдің оқу орындарының күндізгі бөлім студенттері (2-5 жылдық оқу, тапсыру кезінде бір жылдан кем емес);
- Түркияда еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін (қабылдаушы елде жұмыс келісімшартына сәйкес) кемінде бір жыл жұмыс істейтін тұлғаларға (тиісті жұмыс визасы мен жұмысқа рұқсаты/чалышма изні);
- Шетелде тұрақты тұратын, яғни төлқұжатта «тұрақты тұруға (тұрақты тұруға) кетуге рұқсат» туралы қазақстандық құзырлы органдардың тиісті белгісі бар азаматтар (ҚР Көші-қон қызметінен алынған) - кету парағы;
- жоғарыда көрсетілген тізімдегі тұлғалармен бірге тұратын адамдардың жақын отбасы мүшелері (жұбайы, балдары);
- жасының егде тартуына байланысты (65 жастан жоғары) өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар адамдарға Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы ресімделеді.
Жеке мақсатта немесе туристік визамен Түркияға келген Қазақстан азаматтары төлқұжаттарын тек тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасында ауыстырулары қажет екеніне назар аударамыз.
* ҚР КСРО кезінде берілген шетелдік паспорты (қызыл паспорт) 1999 жылдың қаңтарынан бастап жарамсыз болып табылады.
** Өтініш беру және паспорт алу кезінде өтініш берушінің жеке қатысуы міндетті болып табылады. Сонымен қатар, кәмелеттік жасқа толмаған балаға 10 жылға жаңа паспорт рәсімдеу кезінде баланың қатысуы міндетті болып табылады.
*** Өтініш беру және паспорт алу кезеңдері сенімхат арқылы жүзеге асырылмайды.
Паспортты ресімдеу үшін, келесі құжаттар қажет:
А) Егер сіз Түркия Республикасының Жоғары Оқу Орнында білім алып жатқан болсаңыз:
- Өтініш (нысаны және үлгісі Консулдықта қосымша беріледі);
- арнайы форма (нысаны және үлгісі Консулдықта қосымша беріледі);
- жарамды паспорт + 2 көшірмесі;
- қазақ / орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар бар Түркияда тұруға арналған рұқсат құжаты;
- ЖОО-дан университетте тіркелгенінізді растайтын анықтама, апостиль басылған және қазақ / орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен;
- 6 дана фото 3,5 * 4,5 см (бетіңіздің 70 пайызы түсу қажет, ақ фонда);
- балаларыңыз үшін, ата-анасының паспортының, неке қию куәлігінің, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері;
- туу туралы куәліктің көшірмесі;
- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы - 40 АҚШ доллары.
Екі файл дайындаңыз: бірінші файлда түпнұсқалар, екінші файлда барлық түпнұсқалардың көшірмелері болуы тиіс.
Б) Егер сіз Түркия Республикасы аумағында заңды түрде жұмыс істеп жатқан болсаңыз:
- Өтініш (нысаны және үлгісі Консулдықта қосымша беріледі);
- арнайы форма (нысаны және үлгісі Консулдықта қосымша беріледі);
- жарамды паспорт + 2 көшірме;
- жұмыс істеуге рұқсат, қазақ / орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар Түркияда тұруға арналған рұқсат құжаты;
- жұмыс орнынан анықтама, апостиль басылған және қазақ / орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен;
- еңбек шарты нотариалды куәландырылған аудармасымен;
- 6 дана фото 3,5 * 4,5 см (бетіңіздің 70 пайызы түсу қажет, ақ фонда);
- балаларыңыз үшін, ата-анасының паспортының, неке қию куәлігінің, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері;
- туу туралы куәліктің көшірмесі;
- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы - 40 АҚШ доллары.
Екі файл дайындаңыз: бірінші файлда түпнұсқалар, екінші файлда барлық түпнұсқалардың көшірмелері болуы тиіс.
В) Қазақстандағы тұрғылықты мекен-жайыныздағы Көші-қон қызметінден алынған, шетелге тұрақты тұруға Шығу рұқсат парағынызбен Түркия Республикасының аумағында тұрақты тұрсаңыз (Шығу парағы):
- Өтініш (нысаны және үлгісі Консулдықта қосымша беріледі);
- арнайы форма (нысаны және үлгісі Консулдықта қосымша беріледі);
- жарамды паспорт + 2 көшірмесі;
- тұруға арналған рұқсат, қазақ / орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар Түркияда тұруға арналған рұқсат құжаты;
- шетелге тұрақты тұруға рұқсат алғандығы туралы растау парағы немесе құжат (түпнұсқа + көшірме);
- 6 дана фото 3,5 * 4,5 см (бетіңіздің 70 пайызы түсу қажет, ақ фонда);
- неке туралы куәлік (егер шет мемлекеттің құжаты болса, апостиль басылған және қазақ / орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен);
- балаларыңыз үшін, ата-анасының паспортының, неке қию куәлігінің, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері;
- туу туралы куәліктің көшірмесі;
- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы - 40 АҚШ доллары.
Екі файл дайындаңыз: бірінші файлда түпнұсқалар, екінші файлда барлық түпнұсқалардың көшірмелері болуы тиіс.
Г) Егерде Түркия Республикасында жасының егде тартуына байланысты (65 жастан жоғары) өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіздерге (қарттар) және тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар тұлғалар болса:
- Өтініш (нысаны және үлгісі Консулдықта қосымша беріледі);
- Арнайы форма (нысаны және үлгісі Консулдықта қосымша беріледі);
- жарамды паспорт + 2 көшірмесі;
- қазақ / орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар Түркияда тұруға арналған рұқсат құжаты;
- жасыңыз 65-тен жоғары, Денсаулығыңзыдың тыныс-тіршілігіне шектеулерін растайтын тиісті анықтама, Түркияда берілген болса апостиль басылған және қазақ / орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен;
- 6 дана фото 3,5 * 4,5 см (бетіңіздің 70 пайызы түсу қажет, ақ фонда);
- туу туралы куәлік.
- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы - 40 АҚШ доллары.
Екі файл дайындаңыз: бірінші файлда түпнұсқалар, екінші файлда барлық түпнұсқалардың көшірмелері болуы тиіс.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 90 күнтізбелік күн ішінде әзірленеді.
Қайтып оралуға куәлікті ресімдеу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
1) Еркін нысандағы өтініш және сауалнама немесе шет мемлекеттің құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда);
2) жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат. Паспорт жоғалған немесе ұрланған жағдайда (a) құжатты жоғалу туралы жергілікті полиция қызметкерлеріне арыз жазу, (b) оның жоғалуы немесе ұрлануы туралы хабарлау және (c) растайтын қағазды рапортты басып шығару қажет және жергілікті органда куәләндіруіңіз тиіс (каймакамлык);
3) өлшемі 3,5х4,5 см түрлі-түсті екі фотосурет;
4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы - 10 АҚШ доллары;
5) жеке басын куәландыратын құжаттардың (бар болған жағдайда) бірінің түпнұсқасы, ал ол болмаған жағдайда Қағидалармен белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнама-өтініш;
6) жынысының өзгеру фактісін растайтын шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген тиісті құжат тапсырылады.