Меню

Страницы

Статья

Түркі әлемінің атақты екі ұлы ойшылы: әл-Фараби және Ясауи

Әл-Фараби түркі дүниесінің ойлау мәдениетін, дүниетанымын өзінің энциклопедиялық білімімен әлемді таңқалдырды. Ол ғылымның көптеген саласын терең меңгеріп, бірнеше тілдерді яғни түрік, парсы, араб, грек тілдерін жетік меңгерді. Аристотельден кейінгі Екінші Ұстаз атанды.

Француз философы Этьен Жильсонның айтуынша ортағасыр ислам философтары әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн Синаның еңбектерін оқып танып білмей Томас Аквинскийдің Дунс Скот және басқа да еуропа философтарының еңбектерін түсіну мүмкін емес. Әл-Фараби еңбектері ортағасыр еуропалық қайта өрлеу үдерісінің дамуына  тікелей ықпал етті.

Әл-Фарабиді маңызды екі мәселе толғандырды:

1) Платон мен Аристотель философиясы арасындағы қайшылықтарды жойып, оларды үйлестіру;

2) Исламдық дүниетаным мен ежелгі грек философиясы арасындағы көзқарастар қарама-қарсылығын жою.

Сол замандағы грек философиясына қарсы айтылған сыни пікірлердің бірі – Платон мен Аристотельдің бір-бірімен қарама-қайшылығы еді. Егер философия жалғыз Ақиқатты тануға жол ашатын болса, екі ең ірі философиялық жүйе көзқарастары бір-біріне қарсы бола ала ма?  Егер екі жүйе де адамды Ақиқатқа жетелейтін болса, оларда ешқандай қарама-қайшылықтар жоқ; егер қарама-қайшылықтар бола тұра, екі философиялық жүйе де дұрыс деп танылса, бұл философияның толық жетілмегендігін, Ақиқатқа жол аша алмайтындығын меңзейді. Сол заман философиясына қарсы айтылған пікірлердің мазмұны осындай сыни мағынада болған.

Бұл сынға жауап ретінде әл-Фараби «Аль-джамам бейт рай аль-хакимейн Ефлятун аль-лияхи уа Аристо» еңбегін жазады («Екі философ – Қасиетті Платон мен Аристотельдің көзқарастарын ортақтастыру»). Бұл еңбегінде әл-Фараби Платон мен Аристотельдің айырмашылығы тек қана әртүрлі тілдік стильдерді қолдануында және өмір салтында екенін көрсетеді, ал қос ойшылдың философиялық көзқарастары ортақ болғанын айтады. Кітаптың басында әл-Фараби философияның пәні жайлы айтып, ғылымдардың классификациясын келтірген, одан әрмен Платон философиясының қысқаша мазмұнын берген, ал кітаптың соңғы бөлімінде Аристотель философиясының негізгі сипаттамаларын атап өтіп, екі ойшылдың көзқарастарының ортақтығы мен үндестігін көрсетеді.

Әл-Фарабидің ойынша, философия - Ақиқат және сол Ақиқатқа жету жолы, яғни барлық ұлы ойшылдар мен философтар ұзақ ой-толғаулар нәтижесінде бір нәрсеге келеді, осы тұрғыдан алып қарағанда, олардың барлығы дерлік Ақиқатты іздеуші бір мектеп өкілдері, сондықтан әртүрлі философтар арасындағы айырмашылықтар баршаға ортақ Ақиқатты әртүрлі жолмен көрсетуінде. Әрине, әл-Фарабидің осы әрекеті қаншалықты нәтижелі болғаны туралы сөз таластыруға болады, сонымен бірге бұл әдістің ислам әлемінің кейінгі ойшылдарына айтарлықтай ықпал еткені сөзсіз. Мәселен, әл-Фарабидің  қалыптастырған гректік философия негізіндегі философиялық ойлау институтын оның ізбасарлары болған мұсылмандық философ-перипатетиктер грек философиясының белгілі бір өкілін алға тартса да (Мысалы, ибн Сина – Платонды, ибн Рушд – Аристотельді), әл-Фарабиден кейін қалыптасқан перипатетикалық философияның шегінен шықпаған.

Әл-Фараби еңбектерінің маңыздылығы бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтпаған, ол философияны/ақыл-ойды сеніммен/дінмен үйлестіру мәселесін қарастырған.

Ал, Қожа Ахмет Ясауиге келетін болсақ ол (қазіргі Түркістан) бұрынғы Иассы қаласында дүниеге келіп, Түрік әлемінде фундементалді роль атқарды. Ол Түркілік мистицизмді әлемге тарата білді сондай-ақ материалдық дүниені білімге сүйене отырып таныта білді. Ол өзінің интелектуалды білімінің арқасында дүние құдай туралы ойларын синтездей отырып мынадай күшті сөздерді жазып қалдырды. «Әрбір адам білім жолымен жүрген жағдайда ғана адам зорлықтан бойын аулақ ұстай алады».

Ясауидің басты көздеген мақсаты – құдаймен табысу, оның бейнесін көру. Құдайды тану сопылар үшін бүкіл өмірінің мәні болып табылады. Ясауи былай дейді: «Кімде кім құдайды есіне алса, ол онымен өзінің табысқанын көре алады».

Ясауи суфизмнің ең биік шыңы оның пайғамбар жасына келгенде, менің пайғамбардан артық өмір сүруім мүмкін емес деп, жер астында қазылған жеке бөлмеде қалған өмірін өткізуі еді. Суфизмдегі негізгі доктрина құдайды мистикалық сүю болып табылады.

Ахмет Ясауи адам мен қоғам мәселелеріне де назар аударып, оларға дәстүрлі мұсылмандықтан айырмашылығы бар ұсыныс беруге әрекет жасайды. Оның дүниетанымында этикалық ойлар да басым. Ясауидың этикалық көзқарастары құдай және оны тану ілімімен тығыз байланысты. Мораль сопылардың құдайды тану жолындағы негізгі талаптарынан туындайды. Адамгершілік тазалығы мен моральдық жағынан жетілгендікті Ясауи оппозициялық суфизм позициясы тұрғысынан шешеді. Ол адам бойында кездесетін даңққұмарлық, күншілдік, екіжүзділік, надандық кекшілдік, алдау сияқты жаман әдеттердің болатынын өкінішпен айтады. Ясауи іліміндегі адамгершілік ойлары дін арқылы түсіндіріледі. Жақсылық пен жамандықәділеттілік пен әділетсіздік, адамның жақсы және жаман іс-әрекеттері сияқты моральдық сипаттары оның құдайға сенуіне байланысты болды. «Кімде-кім жамандық жасаса ол күнәдан арыла алмайды, кімде-кім жақсылық жасаса ол құдайдың сүйіктісі болады», - дейді.

Ахмет Ясауидің пайымдауынша, ол өзін-өзі тазаруға, кемшілігін жоюға, игілікті іс істеуге шақырған адам адасуы, әділетсіздік және жамандық жасауы мүмкін емес. Ол өзінің жолын қуушыларды өзін-өзі жетілдіруге шықыра отырып, адамгершіліктің құдайдан шығатыны туралы ойдан аулақ ұстайды. Оның саяси және әлеуметтік көзқарастарының негізінде де этикалық бастау жатты.

Ясы ғұламаларының ойларынан сан ғасырдан кейінгі Абай мен Шәкәрімнің философиялық дүниетанымдарында көрініс беретін  «нұрлы ақыл», «жан қуаты» деген ұғымдардың шығу төркінін ұғасың. Л.Толстойдың зұлымдыққа қарсыласпа деген қағидасының негізінде дүниеге келтірген діни-философиялық ілімі осы Ясылық машайықтардан бастау алғанын байқаймыз.

Түйіндеп айтар болсақ, түркі әлемінің атақты екі ойшылы қос интеллектуал әл-Фараби мен Ясауидің әлемдік өркениетке қосқан үлестері тарихта белгілі. Әсіресе, олардың Батыс Еуропалық ғалымдарға жасаған ықпалы қайта өрлеу дәуірінің дүниеге келуіне де үлкен әсерін тигізді деп айта аламыз.

Жақыпбек Алтаев

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорі,

философия ғылымдарының докторы

фарабитанушы

altaev.kaznu@gmail.com

87017441280

Дата публикации
18 августа 2020
Дата обновления
18 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
28 мая 2025
Консулдық және визалық мәселелер
Ақпарат
08 апреля 2025
Шетелге шығатын ҚР азаматтарына арналған жадынама
Ақпарат
05 апреля 2025
Шетелде неке қиюды мемлекеттік тіркеу

Социальные медиа

KzEmbassyTr
KzEmbassyTr
KzEmbassyTr

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары