Меню

Страницы

Статья

Ұлт руханиятының бастау бұлағы

Ұлттық руханиятымыздың бастау бұлағы ежелден негізделіп, өзінің кейбір тарихи шектеулеріне қарамастан, ұлтымыздың жарасымды дамуына, философиялық ой-санасының өсуіне гуманистік рух, рухани мол азық берді. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ежелгі философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы өзінің көл-көсір молдылығымен де, тарихи деректілігімен де, дүниетанымдық әрекеттілігімен де халқымыздың рухани болмысында айрықша орын алады.

Қазақ философиясының кайнар бұлағы ежелгі түркі жазбаларында, эпостық әңгімелерде сақталған. Қазақ аңыздары, батырлар жыры мен махаббат дастандарындагы негізгі философиялық өзек - күш көрсетпеу идеясы. Керісінше, елді, жерді, отбасын, табиғатты қорғау секілді қасиеттерге үндейді. Философияның басты сұрағы да осы адам мен табиғат арасындагы етене катынас, үйлесімділік. Біздің халык мұны жақсы түсінген.

Ұлттық руханиятымызды әл-Фараби ілімінен бөліп алып қарай алмаймыз. Әл-Фараби тек қазақ философиясында емес, әлемдік философияда, мәдениетте, өркениетте ізін калдырған. Оның қолжазбаларының бәрі шетел кітапханалары мен мұражайларында сақтаулы. 1993 жылдан бастап қарашаңырақ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әл-Фараби» ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істеп келеді. Орталыктың негізгі максаты - ғұлама ғалымның философиясын, еңбектерін насихаттау, қалың оқырманға жеткізу. Әл-Фарабидің кіндік қаны қазақ топырағына тамды. Сол кеңістікте Қазақ елі мекен еткен түркі этносынан шыққаңдыктан, ол түркі жұртына ортақ тұлға. Ол кезде әлі қазақ, өзбек деген секілді бүгінгі ұлттар калыптаспағаңдықтан, Әл-Фарабиді белгілі бір ұлтқа телуге қақымыз жоқ. Сонымен қатар, бүгінде әлемнің көптеген елдерінде Әл-Фараби орталықтары жұмысын жүргізуде. Соның бірі университет ректоры Ғ.Мұтановтың бастамасымен ашылған Түркияның Ыстамбұл университетіндегі "Әл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығын" айтуға болады.Орталықты философ, ғалым Абдулла Қызылжық басқаруда.

Алайда, бір анығы, ол Фараб қаласында, бүгінгі қазақ даласындағы Отырарда дүниеге келді, сонда білім алды. Соңынан білім қуып Бағдатқа кетіп, көптеген араб-мұсылман елдерін аралап, өзінің өшпес ізін қалдырды. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанды. Ол Дешті Қыпшақ даласындағы түркі жұртынан шығып, әлемді өз білімін, ғалымдығын, түркілік, оның ішінде қазақтың ойлау мәдениетінің қаншалықты биік деңгейде екенін мойындата білді. Осындай ірі тұлға аркылы біз елімізді, жерімізді әлемге танытуымыз керек. Себебі, әлем елдері оның өмір жолымен, еңбектерімен жаксы таныс. Әл-Фарабидің атын иемденіп отырған Қазақ ұлттық университеті сол мақсатта үлкен игілікті істер атқарып жатыр. Қазақ философиясы ауыз әдебиетіміздегі аңыздардан, жырлардан бастау алса, сонымен қатар, әл-Фарабидің еңбектерінен, шығармаларынан, философиялық ойларынан да сусындайтынын еске сала кету керек. Яғни, әл-Фарабиді қазақ философиясынан бөліп алып қарауға болмайды. Нақтырақ айтсақ, әл-Фараби қазақ философиясының бастау бұлағы.

 Ислам дінін сіңірген екі жұртшылық бар: бірі - араб, екіншісі - түркі жұртшылығы. Ислам мәдеииетін, ғылымын жәие баска да құндылықтарын қалыптастыруда, дамытуда екеуінін қайсысы басым болады деген сұрақ туады.

  Көптеген әдебиетте араб-мұсылман философиясы немесе мәдениеті делініп келгені мәлім. Себебі, ол заманда араб тілі үстем болғандықтан, араб ғалымдарынан бөлек, түркіден шыққан ғалымдар да еңбектерін сол тілде жазды. Осыдан кейін олар араб-мұсылман ғалымдары, ойшыл философтары деп аталды. XIX ғасырдан бастап еуропалық шығыста ғалымдар «ислам философиясы» деген терминді шығарды. Жалпы бұл жерде екеуінін де мағынасы бірдей. Арабтан шыққаны да, түркіден шыққаны да мұсылмандықты ұстанғандығы ислам кұндылыктарын калыптастыруға үлес қосты. Мысалы, әл-Фараби түркі этносынан, ибн-Сина тәжік, әл-Кинди араб деген секілді түрлі этнос өкілдері болды. Тіпті, араб тілінде жазған ғалымдары да жоқ емес. Сөйтіп тұлғалар, жалпы, еуропалык өркениеттің калыптасуына бірден-бір түрткі бола білді. Себебі X ғасырда Еуропада католик-христиан діні күшіне мініп тұрған шақта, олар дін мен философияны ажыратып жіберді. Салдарынан Eyропа 4-5 ғасыр ұйкыға кетті, рухани дағдарысқа ұшырады. Осы тұста ислам ғалымдары өздерінің діни сауаттылығын ашады және антикалық философияны оқып, меңгереді. Соның негізінде ренессанс ұғымын туғызады. Мұны Еуропаның шығыстанушы ғалымдары еңбектерінде мойындап жазды. Осы исламдык ренессанс, ислам ғалымдары Еуропада жаратылыстану ғылымдарының дамуына әсер етеді. Орта ғасырда араб-мұсылман елдерінде медицина ғылымы өте қатты дамыды. Бір ғана мысал, хирургиялык ота жасау кезінде қолданылатын анестезиологияны ойлап тапты. Ибн-Сина өз еңбегінде екі мыңға жуық ауру түрінен жазылудың жолдарын жазып қалдырған. Осы бір-екі мысалдың өзі көп сауалға жауап.

Биылғы жылы әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығын қатар атап өтуіміздің мән-мағынасы зор. Ұлы ойшылдардың даналық ілімінен алар тағлым-тәліміміз көп. Телегей-теңіз мұрадан келер ұрпақтардың да өз іздегендерін табатыны анық.

 

Жақыпбек АЛТАЕВ,

философия кафедрасының профессоры,

филос. ғ.д.,Фарабитанушы

Дата публикации
18 августа 2020
Дата обновления
18 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
28 мая 2025
Консулдық және визалық мәселелер
Ақпарат
08 апреля 2025
Шетелге шығатын ҚР азаматтарына арналған жадынама
Ақпарат
05 апреля 2025
Шетелде неке қиюды мемлекеттік тіркеу

Социальные медиа

KzEmbassyTr
KzEmbassyTr
KzEmbassyTr

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары