Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Түркия Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі мен негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі болып табылады.

 ҚР Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 2022 ж. қаңтар-қыркүйек аралағында екіжақты сауда айналымы 4,7 млрд. долл. құрады (Экспорт 3,6 млрд. долл., Импорт 1,1 млрд. долл.). 2021 ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда жалпы сауда айналымы 57,5% (3,0 млрд. долл.), экспорт (2,1 млрд. долл.) 71%, импорт (0,9 млрд. долл.)  23% өсті.

2021 ж. екіжақты сауда айналымы 4,1 млрд. АҚШ долл. құрады (экспорт 2,96 млрд. долл., импорт 1,14 млрд. долл.). 2020 ж. салыстырғанда жалпы сауда айналымы 33% (3,1 млрд.долл.), экспорт 39% (2,1 млрд.долл.), ал импорт 21% (950 млн.долл.) өсті.

Түркия 2020 ж. Қазақстанның 6-шы сауда серіктесі болса, 2021 ж. сауда есебіне сәйкес 5-ші сауда серіктесі (Ресей, Қытай, Италия мен Нидерландыдан кейін) дәрежесіне көтерілді.

Түркия Сауда министрлігінің ақпараты бойынша 2021 ж. 1-ші жартыжылдығында екі ел арасындағы сауда айналымы 5,3 млрд. долл. (4 млрд. долл. - импорт 1,3 млрд долл. – экспорт) құрады.

 

Инвестициялық ынтымақтастық

Қазақстан мен Түркия арасындағы инвестициялық ынтымақтастық табысты дамуда. 2005 жыл – 2022 жылдың 6 айы аралығында Қазақстан экономикасына Түркиядан 4,5 млрд. долл. шамасында инвестиция тартылған. Өз кезегінде, Қазақстан Түркия экономикасына 2005 жылдан қазіргі таңға дейін 1,1 млрд. долл. шамасында инвестиция салған.

Түркиядан соңғы 17,5 жылда тартылған инвестицияның 43,3%, яғни жартысына жуығы соңғы 4,5 жылда (2018-6 ай 2022 жж.) тартылған.   

2005-2010 жылдарда тартылған түркиялық инвестициялардың орташа жылдық көлемі 159,3 млн. долл. құраса, аталған көрсеткіш 2011-2016 жылдарда 216,8 млн. долл., ал 2017-6 ай 2022 жылдары 408 млн. долл. құраған. Яғни инвестициялар көлемі тұрақты өсім көрсетуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары аясында (2022 жылғы 11 мамыр) Мемлекет Басшысының қатысуымен 40 ең ірі түрік холдингтері мен іскер топтарының басшыларымен арнайы жиын өткізілді.

Аталған іс-шараға қатысқан түрік бизнесінің жалпы жылдық капитал айналымы 95 млрд. долл. құрайды және түрлі секторларда жетекші позицияларға ие. Аталған жиын шенберінде Мемлекет Басшысы «Yildirim Holding», «TAV Havalimanları Holding», «Goknur Gida», «Sembol» және «Koс Holding» іскерлік топтарымен екіжақты кездесулер өткізді.

Сонымен қатар, Президент түрік кәсіпкерлерінің Қазақстанда іске асырып жатқан және перспективалық ірі жалпы 16 инвестициялық жобаларымен жеке таныстырылды.

Мемлекет Басшысының сапары барысында екі мемлекет кәсіпкерлері арасында құны 1,4 млрд. долл. құрайтын 20 инвестициялық нақты келісімдер мен 10 өзара түсіністік туралы Меморандумдарға қол қойылды.

 

Үкіметаралық экономикалық комиссия

Екі жақты экономикалық қарым-қатынастарды ілгерлетудің тиімді тетігі Үкіметаралық экономикалық комиссиясы (ҮЭК) болып табылады.

ҮЭК тең төрағалары ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайылов және ТР Вице-Президенті Ф.Октай.

2022 жылы 4 наурызда Астанда дипломатиялық байланыстардың 30 жылдығы аясында Үкіметаралық экономикалық комиссиясының  12-ші отырысы өтті.

Тараптар ҮЭК жұмысы нәтижесінде 2022-2023 жж. арналған Түркия және Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жоспарын бекітті.

ТР Вице-президенті Ф.Октайдың Астанаға жұмыс сапары аясында 2022 жылы 4 наурызда екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес және квазимемлекеттік секторының 250-ден астам өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Түркия бизнес-форумы өтті.

Документы
Новости
Полезные материалы
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

KzEmbassyTr
KzEmbassyTr
KzEmbassyTr

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары