Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қазақ-түрік қарым-қатынастары туралы

Жалпы ақпарат

1991 ж. 16 желтоқсан – Түркия ең бірінші болып Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады.

1992 ж. 2 наурыз – дипломатиялық байланыстар орнатылды.

2023 ж. 13 наурыздан ТР Қазақстандағы Елшісі – Мустафа Капуджу.

2022 ж. 15 наурыздан ҚР Түркиядағы Елшісі – Еркебұлан Сәпиев.

Тәуелсіз еліміздің шетелдегі алғашқы дипломатиялық өкілдігі - Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігі 1992 ж. қазанда ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Түркияға алғашқы ресми сапары кезінде ашылды.

Қазақстанның Ыстанбұл, Анталия мен Измирде Бас консулдығы, сондай-ақ Алания, Бурса, Битлис, Денизли, Ескишехир, Коджаэли және Мерсин қалаларында 7 Құрметті консулдықтары жұмыс жасайды.

Түркияның Алматыда, Ақтауда және Түркістанда Бас консулдықтары, Шымкентте Құрметті консулдығы қызмет атқарады.

 

Саяси ынтымақтастық

Жоғары деңгейлі кездесулер

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Түркияға 24 рет мемлекеттік, ресми және жұмыс сапарларымен барды. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев Түркияға 6 рет мемлекеттік, ресми және жұмыс сапарларымен барды. Түркия президенттері Қазақстанға сапармен 17 рет, ал ТР Премьер-министрлері 6 рет келді. Түркия Президенті Р.Т. Ердоған Қазақстанға 5 рет сапармен келді.

2009 ж. 21-23 қазанда ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Түркияға жасаған ресми сапары барысында Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды.

2012 ж. 22-24 мамырда Түркия Премьер-Министрі Р.Т.Ердоғанның Қазақстанға ресми сапары шеңберінде Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесін құру туралы Бірлескен мәлімдемеге және «Жаңа синергия» ортақ экономикалық бағдарламасына қол қойылды.

2012 ж. 11-12 қазанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапары барысында ҚР мен ТР арасындағы Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 1-ші отырысы өткізілді.

2015 ж. сәуірде Түркия Президенті Р.Т.Ердоғанның Қазақстанға жасаған ресми сапары шеңберінде Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 2-ші отырысы өтті.

2017 ж. 8-10 қыркүйекте ТР Президенті Р.Т.Ердоғанның Қазақстанға ресми сапары өтіп, Астанада ИЫҰ Ғылым және технологиялар саммитіне қатысты.  

2018 ж. 12-13 қыркүйекте Президент Н.Ә.Назарбаев Түркияға ресми сапары барысында Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 3-ші отырысына қатысты.

2021 ж. 12 қарашада Ыстанбұлда өткен Түркі кеңесінің 8-ші Саммитіне қатысу үшін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Түркияға жұмыс сапары өтті.

2022 ж. 10-11 мамырда  ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары өтті. Сапардың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы «Кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдемеге», сондай-ақ, 6  үкіметаралық және 8 ведомствааралық құжаттарға қол қойылды.

2022 ж. 12-13 қазанда  ТР Президенті Р.Т.Ердоғанның Қазақстанға мемлекеттік сапары мен Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысы өтіп, 6 ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды. Сапар аясында, ТР Президенті 6-шы АӨСШК Саммитіне қатысты.

2023 ж. 15-16 наурызда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс Анкара саммитіне қатысу мақсатында Түркияға жұмыс сапары өтті.

2023 ж. 3 маусымда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев Түркияның 13-ші Президенті Р.Т.Ердоғанның ұлықтау рәсіміне қатысты.

2023 ж. 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысу мақсатында ТР Президенті Р.Т.Ердоғанның Қазақстанға жұмыс сапары өтті. Мемлекет басшылары екіжақты кездесу өткізді.

2024 ж. 4 шілдеде  Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне  қатысу мақсатында ТР Президенті Р.Т.Ердоғанның Қазақстанға жұмыс сапары өтті.

2024 ж. 12 қарашада Бакуда өткен СОР-29 саммиті шеңберінде ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың ТР Президенті Р.Т.Ердоғанмен екіжақты кездесуі өтті.

2025 ж. 28-29 шілдеде ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысына қатысу мақсатында Түркияға ресми сапары өтті. Сапарда 2 мемлекетаралық, 2 үкіметаралық және 16 ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.

2026 ж. 16-17 сәуірде ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 5-ші Анталия дипломатиялық форумына қатысу мақсатында Түркияға жұмыс сапары өтті.

 

Сыртқы саяси мекемелер арасындағы ынтымақтастық

2018 ж. 19-20 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов Түркияға ресми сапармен барды.

2019 ж. 24 мамырда ТР Сыртқы істер министрі М.Чавушоғлудың Қазақстанға сапары өтті. Сапар президенттік сайлау алдында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевқа көрсеткен қолдау ретінде бағаланды.

2021 ж. 17-18 наурызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Түркияға ресми сапары өтті.

2021 ж. 17-20 маусымда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді «Анталия дипломатия форумына» қатысу мақсатында Түркияға сапармен барды.

2021 ж. 26-27 қыркүйекте Министр М.Тілеуберді Ыстанбұлда өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Сыртқы істер министрлері кеңесінің Ауғанстандағы ахуал бойынша кезектен тыс отырысына қатысты.

2021 ж. 11-12 қазанда Астанада қаласында АӨСШК сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуіне Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары С.Өнал қатысты. 

2022 ж. 24 ақпанда Түркия Сыртқы істер министрі М.Чавушоғлудың Қазақстанға сапары мен Қазақстан-Түркия Бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының 7-ші отырысы өтті.

2023 ж. 10-11 қыркүйекте Түркия Сыртқы істер министрі Х.Фидан Қазақстанға ресми сапармен келіп, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев тарапынан қабылданды.

2024 ж. 1-3 наурызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу 3-ші «Анталия дипломатия форумына» қатысу мақсатында Түркияға сапармен барды.

2024 ж. 6 қыркүйекте Астанада Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде екіжақты саяси консультациялар өтті.

2025 ж. 21-22 маусымда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 51-ші сессиясына қатысу мақсатында Түркияға сапармен барды.

2025 ж. 9 шілдеде Анкарада Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде екіжақты саяси консультациялардың кезекті раунды өтті.

2026 ж. 2 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Көшербаевтың Түркияға сапары мен Қазақстан-Түркия Бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының 8-ші отырысы өтті.

2026 ж. 18 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Көшербаев 5-ші Анталия дипломатиялық форумы шеңберінде өткен ТМҰ СІМК отырысына қатысты.

Документы
Новости
Полезные материалы
Шарттық-құқықтық база
Қазақ-түрік қарым-қатынастары туралы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

KzEmbassyTr
KzEmbassyTr
KzEmbassyTr

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары