Иорданияның сыртқы саяси ведомствосында Қазақстан-Иордан қатынастарының шарттық-құқықтық базасын кеңейту мәселелері қарастырылды

Иорданияның сыртқы саяси ведомствосында Қазақстан-Иордан қатынастарының шарттық-құқықтық базасын кеңейту мәселелері қарастырылды

Амман, 2025 жылғы 6 ақпан – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрлігінің Заң департаментінің директоры Амжад Әл-Мубайденмен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Иордания арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтудің негізгі бағыттары талқыланды. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес секілді халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты қоса алғанда, екіжақты өзара іс-қимылды тереңдету мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында Иорданияның АҚИҰ Жарғысын ратификациялау жөніндегі маңызды қадамы атап өтілді. Бұл азық-түлік қауіпсіздігі және өзге өзекті мәселелер саласында бірлесіп жұмыс істеу үшін жаңа перспективалар ашады.

Тараптар Қазақстан мен Иордания арасындағы құқық саласындағы және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі байланыстарды әрі қарай нығайту мақсатында өзара мүддеге ие мәселелер бойынша белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.