
Амман, 2025 жылғы 29 қаңтар – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иордания сауда палатасының төрағасы Халил Әл-Қажы Тауфикпен кездесті.
Сұхбаттастар Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдарын, оның ішінде Амман қаласында жақын күндері Қазақстан-Иордания Бизнес-форумын өткізу мәселесін талқылады.
Х.Тауфик аталған іс-шараны Иордания экономикасының жетекші салаларының негізгі ойыншыларын шақыра отырып, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге дайын екендігін растады.
Тараптар баяндалған іс-шараны өткізу Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай жандандыруға елеулі серпін беретіндігімен келісті.
Кездесу соңында тараптар екі елдің тиісті сарапшыларын тарта отырып, Бизнес-форумның мазмұнды және ұйымдастырушылық-хаттамалық мәселелерін пысықтауды жалғастыруға келісті.