
Амман, 2025 жылғы 27 қантар – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Король Хусейн бизнес-паркінің жаңадан тағайындалған төрағасы Самир Исса Хубейспен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Иордания арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркімен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Тараптар 2024 жылғы 3 қыркүйекте «Al Hussein Technical University» мен «Astana IT University» арасындағы меморандумға қол қою нәтижесінде үстіміздегі жылғы наурыз айында қазақстандық IT университетіне алғашқы иордан студенттерін жіберуді көздейтін сындарлы өзара іс-қимыл жолға қойылғанын ризашылықпен атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға және тұрақты байланыстарды қолдауға өзара ниеттері мен дайындықтарын білдірді.