
Амман, 2025 жылғы 23 қаңтар - «Bristol Hotel Amman» қонақүйінде Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшілігінің ұйымдастыруымен Аммандағы Азия елшілерінің әйелдер клубының (Asian Ambassadors Ladies in Amman, AALIA) мүшелері үшін ресми түскі ас форматында кездесу өтті.
«Kazakhstan: Born Bold» медиа-науқанын ілгерілету аясында кездесудің қатысушылары Қазақстанның дәстүрлерімен және мәдени мұрасымен таныстырылды. Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде қазақ мәдениетінің байлығы мен өзіндік ерекшелігін ашатын ақпараттық материалдар таратылды.
Әрбір материал «Kazakhstan: Born Bold» сайтына кіруге және қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының атмосферасына енгізетін бейнероликтерді тамашалауға мүмкіндік беретін арнайы QR-кодпен жабдықталған.
Іс-шара қонақтарға қазақ мәдениетінің көркемдігін, сондай-ақ «Kazakhstan: Born Bold» бастамасының ажырамас бөлігі болып табылатын халықтар арасындағы мәдени алмасу мен өзара түсіністіктің маңыздылығын көрсетті.
Кездесу соңында қатысушыларға ұлттық стильдегі қолдан жасалған бұйымдар (құрақ), сондай-ақ қазақтың кәдесыйлары мен тәтті тағамдары сый ретінде ұсынылды.