
Амман, 2024 жылғы 30 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Ирак Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі жаңадан тағайындалған Елшісі Омар Әл-Барзанжимен кездесу өткізді.
Т.Шалданбай О.Әл-Барзанжиді Иорданияда дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтап, оның алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Қазақстан-Ирак ынтымақтастығын әрі қарай дамыту және нығайту, атап айтқанда жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шараларға дайындық мәселелері бойынша, оның ішінде 2025 жылы Қазақстан мен Ирак арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанының 30-жылдығына орайластырылған мәселелер бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар, тараптар көпжақты деңгейде ілгерілетудегі бастамаларға көрсетілген өзара қолдау үшін бір-біріне алғыстарын білдіріп, 2025 жылы жоспарға енгізілген саяси консультацияларды өткізуге үміт білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде сауда-экономикалық саладағы әріптестікті дамытуға бағытталған тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайындықтарын танытты.