
Амман, 2024 жылғы 10 желтоқсан – Қазақстан-Иордания Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның (ҮАК) 5-ші отырысы шеңберінде ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың Иордания Көлік министрлігінің Бас хатшысы Фарис Әбу Дайехпен кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай қатысты.
Достық және сындарлы ахуалда өткен кездесу барысында тараптар көлік және логистика, халықаралық автотасымалдар, сондай-ақ азаматтық авиация салаларындағы ынтымақтастық және олардың алдағы даму перспективаларын талқылады.
Қазақстан мен Иордания көлік министрліктері арасында Теңізшілерді даярлау мен сертификаттауды өзара тану туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселесіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Қытай мен Азия елдері бағытындағы тасымалдарда «Солтүстік-Оңтүстік» және Транскаспий халықаралық көлік бағыты дәліздерінің әлеуеттерін пайдалану қарастырылды.
Т.Ластаев иордандық әуе компанияларды Қазақстанға тұрақты рейстерді орындауға шақырып, рейстер саны бойынша барлық шектеулерді алып тастау мен шетелдік әуе компанияларға кез келген халықаралық бағыттарда «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесін беруді көздейтін қолданыстағы «ашық аспан» режимі туралы ақпарат берді.
Сұхбаттасушылар екі елдің елеулі транзиттік әлеуетін және оның дамуы Қазақстан мен Иордания, сондай-ақ Орталық Азия мен Таяу Шығыс үшін оң әсер етуі мүмкіндігін атап өтті.
М.Әбу Дейех екі ел мен өңірлерді байланыстыратын көлік-логистикалық бағыттарды дамыту және нығайту қажеттілігі, бұл екіжақты, сондай-ақ өңірлік сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыруға ықпал ететіндігі туралы тезисті қолдады.