
Амман, 2024 жылғы 20 қараша – Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрлігінің Операциялар және консулдық мәселелер бойынша департаментінің директоры Суфьян Аль-Қудамен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Иордания арасындағы консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты жұмыс байланыстарын ұстануға келісті.