Қазақстан Иорданиядағы дипломатиялық қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты

Қазақстан Иорданиядағы дипломатиялық қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты

Амман, 2024 жылғы 5 қазан – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі Амманда аккредиттелген шет елдердің елшіліктерімен бірге жыл сайын өткізілетін 60-шы Дипломатиялық қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты. Аталған шара Амман қаласындағы «Әл-Хусейн жастар қалашығында» өтті.

Жәрмеңкені ханшайымы Басма бинт Талал басқаратын «Мабаррат Ум Әл-Хусейн» иордан қайырымдылық ұйымы ұйымдастырды. Ол Иорданияның бұрынғы Королі Хусейн бен Талалдың қарындасы болып табылады.

Қазақ киіз үйі түрінде безендірілген қазақстандық павильонның жанында ханшайым Басма бинт Талалды Елші Талғат Шалданбай мен қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері қарсы алды.

Ханшайым Басма бинт Талал еліміздің павильоны өзінің ең сүйікті орындарының бірі екенін атап өтті. Павильонды көптеген жергілікті халық өкілдері, сондай-ақ Иорданияда тұратын қазақстандықтар және басқа мемлекеттердің азаматтары тамашалады. Олардың назарына ұлттық кәдесыйлар, киім түрлері, зергерлік бұйымдар, дәстүрлі қазақ тағамдары мен тәттілер ұсынылды.

«Мабаррат Ум Әл-Хусейн» ұйымын 1958 жылы Иордания патшайымы марқұм Патшайымы Зейн Аш-Шараф құрған. Мекеме Иорданиядағы алғашқы қайырымдылық ұйымдарының бірі болып табылады. Ол 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға баспана мен білім берумен айналысады.

Жәрмеңкеден түскен табыс «Мабаррат Ум Әл-Хусейн» мекемесін қолдауға бағытталатын болады.