Қазақстан Елшісі Иордания Тәуелсіз сайлау комиссиясының төрағасымен кездесті

Қазақстан Елшісі Иордания Тәуелсіз сайлау комиссиясының төрағасымен кездесті

Амман, 2024 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Тәуелсіз сайлау комиссиясының төрағасы Мұса Әл-Маитамен кездесті.

Елші Т.Шалданбай М.Әл-Маитаны 2024 жылғы 10 қыркүйекте өткен Иордания Парламентінің Өкілдер палатасына сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады.

Кездесу барысында иордан тарапына 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары, сондай-ақ 2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда өтетін Атом электр станциясын салуға қатысты Республикалық референдум туралы ақпарат жеткізілді.

Қазақстандық дипломат М.Әл-Маитаға Республикалық референдумға дайындық пен оның өткізілуін бақылау мақсатында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Әбдіровтің атынан шақырудың көшірмесін табыс етті.

Өз кезегінде, Иордания Тәуелсіз сайлау комиссиясының төрағасы Хашимит Корольдігі Қазақстанның Ислам әлеміндегі рөліне, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі елімізбен ынтымақтастыққа ерекше назар аударатынын атап өтіп, ИХК Тәуелсіз сайлау комиссиясы мүшелерінің Қазақстандағы Республикалық референдумға қатысатынын растады.

Кездесу соңында М.Әл-Маита Республикалық референдумның сәтті өтуіне сенім білдіріп, Қазақстанға бейбітшілік пен өркендеу тіледі.