
Амман, 2024 жылғы 3 қыркүйек – Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және Иордания сауда палатасымен бірлесіп Қазақстан-Иордания дөңгелек үстелін ұйымдастырды. Оның жұмысына екі елдің мемлекеттік органдары мен жеке секторының 100-ге жуық өкілі қатысты.
Иордания Сауда палатасының төрағасы Халил Әл-Хаж Тауфиқ, Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай және ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов іс-шараның ашылу рәсімінде сөз сөйледі.
Елші Т.Шалданбай өз сөзінде Қазақстан маңызды рөл атқаратын және айтарлықтай әлеуетке ие Иорданиямен және Таяу Шығыстың өзге де негізгі елдерімен өзара іс-қимылды арттыруды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үстіміздегі жылғы
2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі мазмұнымен таныстырды.
ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғ.Оспанқұлов қатысушыларды Қазақстанның сауда-инвестициялық әлеуетімен таныстырды және иордан бизнесін Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыруға шақыра отырып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.
Иордания Сауда палатасының төрағасы Х.Тауфиқ Дөңгелек үстелді ұйымдастыру Иордания мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және сауда және инвестициялық алмасуды жандандыру бойынша Елшілікпен бірлескен жұмыс шеңберінде өткенін атап өтті. Ол тікелей теміржол және теңіз жолдарының жоқтығына тоқталып, тікелей әуе қатынасын дамыту қажеттілігі туралы пікір білдірді.
Иордания Инвестициялар министрлігінің Бас хатшысы Захер Әл-Қатарне Иорданияның инвестициялық әлеуетімен таныстырып, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыруға шақырды.
Дөңгелек үстелге қазақстандық және иорданиялық қатысушылар экономиканың шикізаттық емес секторларында ынтымақтастықты жандандыру және нақты жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады. Ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік, логистика, тұрақты энергетика, IT, жеңіл өнеркәсіп және т.б. салалардағы бірлескен жобаларды іске қосуға күш-жігерді шоғырландыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
Дөңгелек үстел аясында өткен B2B кездесулер барысында қазақстандық және иорданиялық қатысушылар болашақ өзара іс-қимылдың перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады. Иордания бизнесінен «Hijazi & Gousheh», «Manaseer Group», «Modern Company for Fertilizer Production», «Falcons Soft Company», «Kawar Group», «DADvet», «Sukhtian Group», «Jazeerat Al Yaqut», «Harmony Investment», «Jordan Aviation» және т.б. компаниялар аталған шараға қатысты.
Іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Иорданияның сауда палатасы; «Astana Technical University» және «Al Hussein Technical University»; НАО «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ және Jordan Renewable Energy & Energy Efficiency Fund (JREEEF); «Yurt Tech» ЖШС және «NAFITH»; «Quryq Port» ЖШС және «NAFITH»; «Kazakh Invest» ҰК»АҚ және «ELAF Investment Group»; «RWA Service» ЖШС және «NAFITH»; «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ және «Hijazi&Ghoshen – (Al Majd)» арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы, сондай-ақ «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және «HRAIZ Parfume» арасында тұрмыстық химия және парфюмерия өндіру саласында 9 меморандумға қол қойылды.