Қазақстан Елшісінің Иордания сыртқы саяси ведомствосының басшысымен кездесуі туралы

Қазақстан Елшісінің Иордания сыртқы саяси ведомствосының басшысымен кездесуі туралы

Амман, 2024 жылғы 20 тамыз – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрі Айман Ас-Сафадимен кездесті.

Қазақстан Елшісі Иорданияның сыртқы саяси ведомствосының басшысын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізілудегі еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі өзгерістер туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, екіжақты қатынастарды кеңейту және нығайту мәселелері талқыланып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы бірлескен іс-шаралар бойынша пікір алмасу өтті.

Кездесу соңында Иордания СІМ басшысы А.Ас-Сафади Елші Т.Шалданбайға жауапты қызметте табыс тілеп, иордан тарапының оның дипломатиялық қызметін жүзеге асыруға жәрдемдесуге және қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.