
Амман, 2024 жылғы 14 тамыз – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Сауда палатасының төрағасы Халил Әл-Қажы Тауфиқпен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Иордания арасындағы, атап айтқанда, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және энергетика саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады.
Қазақстан-Иордания сауда-инвестициялық Дөңгелек үстеліне дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында тараптар өзара іс-қимылды әрі қарай дамытуға ортақ ұмтылыс білдірді.