Иордания сыртқы саяси мекемесінде Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Иордания сыртқы саяси мекемесінде Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Амман, 2024 жылғы 7 тамыз – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Сыртқы істер және экспатрианттар істері министрлігінің Халықаралық ұйымдар департаментінің директоры Акрам Харахшехпен кездесті.

Тараптар екі елдің ынтымақтастығы, оның ішінде халықаралық және өңірлік ұйымдар, атап айтқанда БҰҰ шеңберінде өзара қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында тараптар көпжақты қатынастарды одан әрі дамытуға және нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.