
Амман, 2024 жылғы 6 тамыз – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрлігінің Құқық департаментінің директоры Моатаз Әл-Хиасатпен кездесті.
Кездесу барысында сұхбаттасушылар екі елдің шарттық-құқықтық базасын кеңейту, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі кооперация жөнінде пікір алмасты.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер жөнінде әрі қарай ынтымақтасу туралы уағдаласты.