Иорданиядағы Король Хусейн бизнес-паркінде Қазақстанмен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Иорданиядағы Король Хусейн бизнес-паркінде Қазақстанмен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Амман, 2024 жылғы 6 тамыз – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Король Хусейн бизнес-паркінің төрағасы Осама Маданатпен кездесті.

Тараптар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ осы саладағы тиісті құжаттарға қол қою мәселесін қарады.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттасушылар өзара ынтымақтастыққа қызығушылық білдіріп, тұрақты байланыстарды сақтауға келісті.