Ветеринарлық фармацевтика саласындағы ықтимал инвестициялық жобаны іске асыру жөнінде Қазақстан-Иордания онлайн келіссөздері өтті.

Ветеринарлық фармацевтика саласындағы ықтимал инвестициялық жобаны іске асыру жөнінде Қазақстан-Иордания онлайн келіссөздері өтті.

 Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастыруы мен қатысуымен ү.ж. 21 шілдесінде екі елдің ветеринарлық фармацевтикалық компанияларының өкілдері, атап айтқанда қазақстандық «BioVet KZ» ЖШС және “Dar Al-Dawa” ірі иорданиялық фармацевтикалық өнім өндірушісіне кіретін иорданиялық “DadVet” фармацевтикалық компаниясы онлайн келіссөздерін жүргізді.

“DadVet” компаниясының Бас директоры Абдельмуним Шараф Қазақстанның қолайлы инвестициялық климатын, сондай-ақ ҚР-дың   қолайлы орналасуын және үлкен әлеуеті мен нарықтық сыйымдылығы бар ЕАЭО-ға мүшелігін ескере отырып, ветеринариялық препараттардың бірлескен өндірісін құруға қызығушылығын атап өтті.

Келіссөздер барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарушы директоры А.Данаев ҚР-дағы инвестициялық мүмкіндіктер туралы презентация жасап, иорданиялық тарапты шетелдік инвесторлар үшін жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі туралы хабардар етті.

Әлемдік коронавирустық пандемияға байланысты күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, екі тарап ветеринарлық мақсаттағы бұйымдар өндірісі саласында бірлескен жобаны жүзеге асыруға қызығушылығын танытты.

Онлайн келіссөздерінің нәтижелері бойынша тараптар ветеринарлық фармацевтика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін практикалық мәселелерді талқылау мақсатында жұмыс тобын құруға келісті.