
Амман, 2024 жылғы 4 тамыз – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Амман қаласының мэрі Юсеф Аш-Шауарбехпен кездесті.
Сұхбаттасушылар Астана мен Амман арасындағы бауырластық байланыстарды әрі қарай нығайту қадамдарын қарастырды. 2025 жылы екі мемлекеттің астаналары арасында бауырластық қатынастардың орнағанына 20 жыл толатыны атап өтілді. Бұл оқиғаны Қазақстан мен Иорданияның мәдени күндерін өзара өткізумен ұштастыру туралы мәселе қаралды.
Осы тұрғыда Ю.Аш-Шауарбех бұл бағыттағы өзара іс-қимылға өз дайындығын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жұмысты жалғастыруға келісті.