Қазақстан Елшісінің Иорданияның Өнеркәсіп, сауда және жабдықтау министрімен кездесуі туралы

Қазақстан Елшісінің Иорданияның Өнеркәсіп, сауда және жабдықтау министрімен кездесуі туралы

Амман, 2024 жылғы 4 тамыз – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иорданияның Өнеркәсіп, сауда және жабдықтау министрі Юсеф Аш-Шамалимен кездесті.

Тараптар фармацевтика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, энергетика секілді экономикалық блоктың перспективалы салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін талқылап, пайдалы қазбаларды, фосфат, азот және калий тыңайтқыштарын өндіру саласындағы кооперация мүмкіндігін қарастырды.

Амман қаласында өтетін Қазақстан-Иордания Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ю.Аш-Шамали иордан тарапынан ҮАК тең төрағасы болып табылады.

Сонымен қатар, екі ел арасындағы Іскерлік кеңестің кезекті отырысын өткізу мәселелері талқыланды.