
Амман, 2024 жылғы 17 шілде – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Корольдік протоколының Басшысы Ауда Абу Тайехпен кездесті.
А.А.Тайех Елшіні жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтап, оның дипломатиялық қызметін жүзеге асыруға жәрдем мен қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Тараптар жоғары және аса жоғары деңгейдегі жоспарланған іс-шараларға дайындықты талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттасушылар байланыс орнатып, жұмыс қатынастарын сақтауға келісті.