
Амман, 2024 жылғы 15 шілде – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрлігінің Азия, Океания және Африка істері департаментінің директоры Мұхаммед Абу-Вандимен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Иордания арасындағы әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.
Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны мемлекеттілікті нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды.
Кездесу соңында тараптар тұрақты жұмыс байланыстарын ұстануға уағдаласты.