
Иордания астанасы - Амман қаласында қазақстандық спортшылардың қатысуымен 17 жасқа және 23 жасқа дейінгі санаттардағы күрес бойынша Азия чемпионаты өтуде.
Чемпионат Аммандағы Әл-Хусейн жастар қалашығындағы Сумайя Ханшайымының залында 20 елден 450-ден астам спортшылардың қатысуымен өтуде.
Бүгінгі таңда қазақстандық спортшылардың қоржынында бір «алтын», екі «күміс» және жеке есепте 12 қола медаль, сондай-ақ жалпыкомандалық есепте бір қола медаль бар.
17 жасқа дейінгі грек-рим күресінен чемпионатта 60 кг салмақ дәрежесінде Досбол Шамиль жеңімпаз атанды. Ол финалда Өзбекстаннан келген қарсыласы Фарух Юлдошевті жеңді. Сонымен қатар, қоржында екі «күміс» және үш «қола» бар.
17 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы күресте қазақстандық спортшылар алты «қола» медальға ие болып, нәтижесінде 130 ұпаймен төртінші жалпыкомандалық орынға қол жеткізді.
2024 жылғы 25 маусымда еркін күрестен 17 жасқа дейінгі спортсмендер арасында жарыс өтті. 65, 71 және 80 кг санаттарында Бекдәулет Әкімжан, Әмір Оразбаев және Бейбарыс Ерғали «қола» медаль иегерлері атанды.
2024 жылғы 25 маусымда жергілікті уақыт бойынша 21.00-де (қазақстандық уақыт бойынша 23.00-де) финалдық жекпе-жек өтеді.
23 жасқа дейінгі жоғары санаттағы жарыстар 2024 жылғы 27 маусымда басталады.