
Амман, 2024 жылғы 13 ақпан – Қазақстан Елшісі Айдарбек Тұматов 2024 жылғы 24-25 қаңтарда Астана форматындағы сириялық келіссөздердің 21-раундына қатысқан Иордания дипломатия институтының директоры - Иордания СІМ Елшісі Хайфа Әл-Харайшамен кездесті.
Иордания дипломатия институтының директоры Астанадағы сириялық келіссөздер жоғары деңгейде өткенін, сондай-ақ Қазақстан Сирия дағдарысын шешу бойынша орасан зор жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.
Тараптар өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша оң динамиканы атап өтіп, екіжақты қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Иордания дипломатия институтының директорын Қазақстанда жүргізіліп жатқан негізгі өзгерістермен таныстырды. Сондай-ақ, Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысына дайындық барысы қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға күш салуды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.