
Нұсқаулықтың мақсаты – әлеуетті шетелдік инвесторларды Қазақстан Республикасындағы жаңа инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпараттандыру және өңірлік және республикалық деңгейде экономика салаларына инвестициялау перспективаларын көрсету арқылы қызығушылықты арттыру.
Нұсқаулықтан Қазақстан туралы қысқаша ақпаратты, оның ішінде оның макроэкономикалық көрсеткіштерін, аймақтарын, табиғи ресурстарын, халықаралық рейтингтердегі орнын және т.б. таба аласыз. Сонымен қатар, нұсқаулық инвесторлар үшін бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік шаралар, диалог алаңдары, салалық инвестициялық әлеует және байланыс ақпараты туралы ақпарат алу үшін пайдалы құрал болып табылады. Осылайша, «Investor’s Guide» қазақстандық кәсіпкерлер үшін де, шетелдік кәсіпкерлер үшін де Қазақстанда инвестициялық жобаларды әзірлеудің бастапқы кезеңдерінде қажет болуы мүмкін ақпараттың барлық түрлерін біріктіреді. Нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің бұйрығымен «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ іске қосты.
«Investor’s Guide» KAZAKH INVEST ресми сайтында мына сілтеме бойынша табуға болады.
❕https://invest.gov.kz/kz/invest-guide/