Эрбиль, 2023 жылғы 12 желтоқсан – Қазақстанның Ирактағы Елшісі Айдарбек Тұматов Күрдістан Өңірінің Премьер-министрі Масрур Барзанимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы байланыстардың нығаюын атап өтті.
Сондай-ақ, Ирак Республикасымен, оның ішінде Күрдістан Өңірімен өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру үшін Қазақстандағы күрд қауымдастығының рөліне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, консулдық саладағы өзара көмек мәселелері талқыланды. Мәселен, 2019 жылдан бастап Қазақстанның 600-ге жуық азаматы Күрдістан Өңірінің көмегімен Таяу Шығыс қақтығысының ыстық нүктелерінен елге аман-есен қайтарылды.
Кездесу соңында экономикалық және инвестициялық бағыттарда екіжақты диалогты жандандыру жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.