Амман, 2023 жылғы 24 қыркүйек – Иордания Парламентінде Қазақстан-Иордания парламентаралық достық тобы мүшелерінің, жергілікті саясаттанушылар мен экономика саласындағы сарапшылардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.
Іс-шара барысында Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Айдарбек Тұматов Иордания тарапын Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тұстарымен таныстырып, жүргізіліп жатқан конституциялық, саяси және экономикалық реформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Иордания Парламентінің депутаттары Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгерістерге қолдау білдіріп, екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірді.
Кездесуге қатысушылар туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту, тікелей әуе қатынасын ашу қажеттілігіне ерекше назар аударды. Ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған екі ел арасындағы Үкіметаралық комиссияның отырысын өткізудің маңыздылығы атап өтілді.
Дөңгелек үстел соңында тараптар тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастық үшін жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.