
Амман, 2023 жылғы 6 қыркүйек – Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі А. Тұматов Иорданияның Цифрлық экономика және кәсіпкерлік министрі Ахмад Ханандехпен кездесу өткізді.
Елші сұхбаттасты Қазақстанның цифрлық дамуының негізгі көрсеткіштері, оның ішінде электрондық үкімет пен онлайн қызметтердің рейтингілері туралы хабардар етті. Қазақстанның цифрлық және инновациялық инфрақұрылымды құру тәжірибесі атап өтілді. «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркінің, инновациялық технологиялар паркінің тәжірибесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды, банктер ұсынатын онлайн қызметтер көрсетудің кең аясын, сонымен қатар ХҚКО қызметін және т. б. талқылады.
Иордания министрі Қазақстан мен Иорданияның аталған салалардағы ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеуетке ие екендігін атап өтті.
Кездесу барысында цифрландыру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың ынтымақтастығы туралы құжатқа (меморандумға) қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Елшісі 2023 жылғы 12-13 қазанда Астана қаласында өтетін «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы және 2023 жылғы 15-16 қарашада Корольдіктің астанасы Амман қаласында үкіметаралық комиссияның отырысын өткізу туралы хабарлады.