
Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі Наурыз мерекесін салтанатты түрде атап өтті. Амман қаласының маңындағы әсем ұлттық саябақта өткен көктем мерекені тойлауға Иорданияда уақытша және тұрақты тұратын қазақстандықтар, студенттер, сондай-ақ Елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері белсенді қатысты.
Іс-шараны Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Айдарбек Тұматов ашып, отандастарды Наурыз мерекесімен құттықтады және Наурыз айының басынан бері өткізіліп келе жатқан «Наурыз нұры» атты балалар суреті байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты түрде марапаттады.
Іс-шара қонақтары үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды, оның барысында қазақтың дәстүрлі әндері мен билері орындалды. Мереке қонақтарына қазақтың ұлттық тағамдары – наурыз көже, мерекелік палау және ұлттық кондитерлік өнімдерінің дәмін татуға мүмкіндік берілді.
Мереке соңында «Қол күрес», «Арқан тарту» сайыстары өтті.