Амман қаласында Қазақстан-Иордания іскерлік ынтымақтастығын кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

Амман қаласында Қазақстан-Иордания іскерлік ынтымақтастығын кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

Ү.ж. 5 наурызда Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Айдарбек Туматов Иордания кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы Хамди Табаамен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, елдеріміздің іскер топтары арасында тығыз байланыс орнату перспективалары, сондай-ақ ү.ж. сәуір айында Амманда жоспарланған Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысының аясында Қазақстан-Иордания бизнес форумын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.