
Ү.ж. 4 наурызда Қазақстанның Аммандағы Елшісі Айдарбек Тұматов ИХК Жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрі Мухиеддин Тукпен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында екі ел арасындағы студенттер алмасу арқылы қоса алғанда бейінді нтымақтастықты нығайтудың практикалық аспектілері қарастырылды.
Екі елдің осы бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдетуге өзара мүдделігі аясында, кездесу нәтижесінде 2006 жылы қол қойылған Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін пысықтау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Аталған мәселе ү.ж. сәуір айының басында Амманда өтетін 5-ші үкіметаралық комиссияның отырысында жан-жақты талқыланатын болады.