Иордания екіжақты ядролық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Иордания екіжақты ядролық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
Ү.ж. 18 ақпанда ҚР-ның Аммандағы Елшісі А.Тұматов ИХК Атом энергиясы жөніндегі комиссиясының төрағасы Халед Тұқанмен кездесті.
Соңғы жылдары Корольдіктегі ұлттық атом энергетикалық бағдарламасының белсенді дамуын, сондай-ақ Қазақстанның уран өндіру саласындағы бай тәжірибесін ескере отырып, Х.Тұқан екі ел арасындағы ядролық серіктестікті, оның ішінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы нығайтуға мүдделілігін білдірді.
Кездесу қорытындылары бойынша ү.ж. 21-22 наурызға жоспарланған Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы шеңберінде сарапшылар деңгейінде өзара тиімді ынтымақтастықтың, атап айтқанда геологиялық барлау, өндіру, ғылыми-зерттеу және білім беру саласындағы ынтымақтастық форматын талқылауды жалғастыруға уағдаластыққа қол жеткізілді.