
2022 жылғы 31 мамырда Қазақстанның Аммандағы Елшілігінде ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпы республикалық референдум қарсаңында Иорданияның жетекші медиа ресурстарының өкілдері үшін брифинг өтті, оның ішінде «Петра» ақпараттық агенттігін, сондай-ақ «Роя Ньюс», «Аль-Анбар» және басқа да баспа басылымдарын қоса алғанда.
Іс-шараға қатысушылар алдағы плебисцит, Қазақстанның қазіргі сайлау жүйесі туралы, сондай-ақ саяси және экономикалық жүйені жаңғыртуға, сондай-ақ елдегі демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған кешенді реформаларды іске асыру барысы туралы жан-жақты талқылады. Сондай-ақ, аталған брифинг аясында ел Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізуі Президент Қ.Тоқаевтың жариялаған «Жаңа Қазақстанды» құрудағы маңызды оқиға болып табылатыны атап өтілді.
Өз кезегінде, БАҚ өкілдері Қазақстанда жүргізіліп жатқан құрылымдық өзгерістерді жоғары бағалады және алдағы өзгерістер Қазақстанды дамудың жаңа сапалы деңгейіне шығарады деген үміт білдірді.