
Құрметті отандастар!
2022 жылғы 5 маусымда (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы № 278 дауыс беруге арналған учаскеде ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.
Елшілік мекенжайы: Амман қаласы, Каир көшесі, 99 ғимарат, 830626.
Референдум өткізу туралы тиісті Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев ү.ж. 5 мамырда қол қойды.
Бұл өзгерістер еліміз үшін тағдыршешті мәнге ие. Ата заң баптарының үштен бірі өзгереді. Сондықтан Мемлекет басшысы бұл мәселені республикалық референдумға шығаруды ұсынды – еліміз үшін мұндай маңызды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс.
Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының республикалық референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.
Сіздің аты-жөніңіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік береді.
Қазақстан Республикасындағы Иордания Хашимит Корольдігіндегі Елшілігінің жанындағы № 278 дауыс беруге арналған учаскесінің тізіміне болу елінде тұрақты немесе уақытша тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
Құрметті азаматтар!
Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу үшін Иордания Хашимит Корольдігіндегі аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, Иорданияда тұратын мекенжайы, байланыс деректері) amman@mfa.kz электрондық мекенжайға «Референдум-2022» белгісімен алдын ала жіберу қажет.
Референдум күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы тиіс. Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында, сондай-ақ Елшіліктің бұдан кейінгі ақпараттық хабарламаларында табуға болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз:
+96265927954, +96265927953
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі