Қазақстан-Иордания парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесу туралы

Қазақстан-Иордания парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесу туралы

Ү.ж. 30 наурызда Қазақстанның Аммандағы Елшісі Айдарбек Тұматов қазақстандық-иордандық парламентаралық достық тобының мүшелерімен кездесті.

 Кездесу барысында дипломат Корольдік депутаттарына Қазақстандағы қаңтардағы қайғылы оқиғалардың хронологиясы мен олардың тергеу қорытындыларын ұсынды. Сондай-ақ, Дипмиссия басшысы халық қалаулыларына «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті.

 Өз кезегінде, парламентаралық топтың төрағасы Абдулрахим Әл-Маайа Президент Қ.Тоқаевтың елдегі саяси реформалар мен демократиялық өзгерістердің уақтылығын атап өтіп, олардың ұзақ мерзімді тиімділігіне сенім білдірді.

 Сонымен қатар, Иорданиялық заң шығарушылардың парламентаризм саласындағы практикалық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру бойынша бірлескен жұмысқа деген көзқарасы расталды.​