Амман қаласының әкіміне "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалі табысталды

Амман қаласының әкіміне "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалі табысталды

Ү.ж. 10 наурызда Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Айдарбек Тұматов Амман қаласының әкім Юсеф әш-Шауарибамен кездесіп, оған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Қазақстан-Иордан қарым-қатынастарының дамытуына қосқан елеулі үлесін мойындау ретінде "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медалін табыс етті.

Келіссөздер барысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновтің "Амман қаласының күніне" орай екі бауырлас қала арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделілік көрсетілген құттықтау жолдауы табыс етілді.

Өз кезегінде,  Ю. әш-Шауариба дамудың оң серпінімен және перспективалық бағыттардың едәуір санының болуымен сипатталатын екіжақты байланыстарды ілгерілету ісіне өз үлесін одан әрі қосуға әзір екендігін білдірді.