Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған балалар суреті және өлеңдер оқу конкурсы.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған балалар суреті және өлеңдер оқу конкурсы.

Ү.ж. 24 қаңтарда Иорданиядағы Қазақстан Елшілігінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған балалар арасында сурет салу және өлең оқу байқауларының финалистерін марапаттау рәсімі өтті.

Байқауды Иорданияда тұратын қазақстандық азаматтар мен ҚР Аммандағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Байқау екі санаттан тұрды:

1 Отан туралы өлеңдерді мемлекеттік тілде мәнерлеп оқу;

2 Балалар арасында сурет салу байқауы.

Марапаттау рәсімі барысында Елші Айдарбек Тұматов байқаудың финалистерін құттықтап, естелік сыйлықтар табыстап, қатысушыларға табыс тіледі.

Қатысушылар көптеген көркем және талантты жұмыстар жолдады. Олардың әсерлі суреттері Тәуелсіздік барлық ұрпақтарды біріктіретін және Конкурсқа қатысушылардың Отанымыздың бай тарихына деген көзқарасын көрсетіп, кез келген мемлекеттің ең басты құндылығы болып табылатынын тағы да еске салды.

Ерекше алғысымызды атталған іс-шараның ұйымдастырушысы Амирова Гаухарға білдіреміз.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған конкурсқа қатысушылар:

  • Ашенова Бибінұр
  • Әділбаев Жамбыл
  • Хаджар АльМахмуд
  • Ислам АльМахмуд
  • Мухаммад АльМахмуд
  • Нұрхан Ақмарал
  • Байлепесов Жаңаберген
  • Қымбат Мүсылманбек
  • Шолпан Әбу Аннвб
  • Дария Серік
  • Әлия Хасан
  • Әмір Хасан
  • Ахмад Төлебай
  • Мұзафар Нығматілла
  • Мирас Нығматілла
  • Бассель Мунайер
  • Сара Альодех