Қазақстан Елшісі Ирак Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Ирак Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

2022 ж. 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Айдарбек Тұматов Ирактың Президенті Бархам Салихке Қазақстанның Ирак Республикасындағы Елшісі  қызметін қоса атқарушы ретінде сенім грамоталарын тапсырды.

Салтанатты рәсімнен кейін болған сұхбат барысында екі ел арасындағы түрлі салалардағы өзара тиімді серіктестіктің қазіргі жағдайы және оны одан әрі дамытудың өзекті аспектілері талқыланды, сондай-ақ ү.ж. 12-13 қазанда Қазақстанда өтетін АӨСШК 6-шы Саммитіне дайындық барысы қарастырылды.

Бұдан бір күн алдын Ирак Сыртқы істер министрінің м.а. Салех әл-Тамимимен өткен кездесу барысында сенім грамоталарының көшірмелері табыс етілді. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді әрекеттердің жаңа бағыттарын белгіледі.

Сондай-ақ, кездесу барысында қазақстандық дипломат Ирак үкіметіне «Русафа» гуманитарлық операциясы аясында қазақстандық балаларды елге қайтаруға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін тағы да алғысын білдірді. Осы тұрғыда қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, экстрадициялау және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру саласындағы өзара іс-қимылдың, соның ішінде тиісті құқықтық базаны нығайту арқылы, жаңа тәсілдері талқыланды.

Аталмыш кездесулер барысында Ирак тарапы Қазақстанмен көп қырлы ынтымақтастық одан әрі дамыту мен тереңдетуге мүдделі екенін растады.